(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2000 Ж. 21 СӘУІРДЕГІ № 378 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір
мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 ж. 21 сәуірдегі N 378 Жарлығы (ҚР Президентінің
11.02.02 ж. N 805; 18.08.03 N 1167 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістермен)
Осы редакция ҚР Президентінің 2004 ж. 24 тамыздағы N 1425 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 18.08.03 N 1167 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының құрылымы бекітілсін.
ҚР Президентінің 11.02.02 ж. N 805 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы N 2600 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 436-құжат):
3-тармақтың 1) тармақшасы "есепті" деген сөзден кейін "және тікелей бағынатын" деген сөздермен толықтырылсын;
4, 5-тармақтардың күші жойылған деп танылсын;
2) тармақшаның күші жойылды
3. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы N 2600 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 наурыздағы N 2918 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 88-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 17 қазандағы N 3692 Жарлығының 2-тармағы;
Редакция документа
Демо – версия документа