Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1425 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378
Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1425 Жарлығы


Қаулы етемін:

1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат; 2002 ж., № 6, 40-құжат; 2003 ж., № 33, 323-құжат; 2004 ж., № 12, 150-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы туралы Ережеде:

9-тармақ мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын:

"Президенттің Іс басқармасының негiзгi қызметiн орындаумен байланысты халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келісімдер мен шарттар жасасу;";

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"12. Президенттiң Iс басқармасына Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы басшылық етедi, оны Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және ол оның тiкелей басшылығымен жұмыс iстейдi.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку