Банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесі (Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 197 қаулысымен бекітілген) (2005.27.08. берілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының "Банкті
ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын
ашуға келісім беру және банктің есеп
айырысу-касса бөлімдерін ашу, жабу
ережесін және банктік әрі банктер
жүзеге асыратын өзге операцияларды
жүргізуге лицензияны беру, тоқтата
тұру және қайтарып алу ережесін
бекіту туралы" 2004 жылғы
12 шілдедегі № 197 қаулысына
2-қосымша
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрағасының 2006.09.01. № 9 қаулысымен күші жойылды
Банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды
жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып
алу ережесі
(2005.27.08. берілген өзгерістерімен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Лицензиялау туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және банктік әрі банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібін (бұдан әрі - лицензия) белгілейді.
2. Банк Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген оның құзыретінің шегіндегі қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган беретін лицензияның негізінде өз қызметін жүзеге асырады.
3. Лицензияны осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларында белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган береді.
4. Лицензияны қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген негіздеме бойынша жүргізіледі. Лицензияны қайта ресімдеу үшін банк уәкілетті органға мынадай құжаттарды: 1) лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті;
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжатты;
3) банк атауының өзгергенін куәландыратын құжатты береді.
Уәкілетті орган банк тиісті жазбаша өтінішті берген күннен бастап он күннің ішінде лицензияны қайта ресімдейді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа