Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 шілдедегі № 1401 Жарлығы (күші жойылды)
Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік
бюджеттi әзiрлеу ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 шілдедегі № 1401
Жарлығы
ҚР Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 363 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджеттi әзiрлеу ережесi бекітілсiн.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi |
|
|
|
|
|
|
| Н.Ә. Назарбаев |
Президентінің
2004 жылғы 7 шiлдедегi
№ 1401 Жарлығымен
Бекiтiлдi
Республикалық бюджет жобасын және
төтенше мемлекеттік бюджетті әзiрлеу
ережесi
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi, алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджеттi әзiрлеу тәртібін айқындайды.
1-бөлiм. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Орта мерзiмдi жоспар), Қазақстан Республикасы Үкіметінiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат), мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына елдегi ахуал және республиканың iшкi және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттiң атқарылу нәтижелерi, республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігiн бағалау алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесi мынадай кезеңдердi қамтиды:
1) алдағы қаржы жылына арналған түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындау;
2) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерiн айқындау;
Документ утратил силу
Демо – версия документа