Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 654 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 654 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 189-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 15 маусымдағы

№ 654 қаулысына

қосымша

Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын

пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн

ведомствоаралық комиссияның құрамы

     Школьник               - Қазақстан Республикасының Энергетика және
     Владимир Сергеевич       минералдық ресурстар министрi, төраға
 
     Рябцев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
     Анатолий Дмитриевич      министрлігі Су ресурстары жөніндегі
                              комитетiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары
 
     Адамов                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
     Ришат Жомартұлы          министрлігі Су ресурстары жөніндегі
                              комитетiнiң Ертіс бассейнi су шаруашылығы
                              басқармасы бастығының орынбасары, хатшы
 
     Әбiтаев                - "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының вице-
     Есберген Әбiтайұлы       президенті (келісім бойынша)
 
     Богатырев              - "Өскемен" гидро электр станциясы"
     Александр Егорович       жауапкершiлігi шектеулi серiктестiгiнiң
                              техникалық директоры (келісім бойынша)
 
     Бертiсбаев             - Қазақстан Республикасының Энергетика және
     Несiпқұл Бертiсбайұлы    минералдық ресурстар министрлігінiң
                              Электрэнергетика және қатты жанармай
                              департаментiнiң директоры
 
     Дурницын               - "Шульба гидро электр станциясы"
     Юрий Михайлович          жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң
                              бас техникалық басшысы (келісім бойынша)
 
     Қаменов                - Павлодар облысы әкiмдiгiнiң су шаруашылығы
     Нұртай Шәмренұлы         департаментiнiң директоры
 
     Көбегенов              - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
     Қиыспек Жекебайұлы       министрлігі Су ресурстары жөніндегі
                              комитетiнiң Ертіс бассейнi су шаруашылығы
                              басқармасының бастығы
 
     Көдеков                - "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік
     Тұрсынбек Кәрiмұлы       кәсiпорнының бас директоры
 
     Навид                  - "АЕС Екiбастұз" жауапкершiлiгi шектеулi
     Исмаил                   серiктестiгiнiң бас директоры (келісім
                              бойынша)
 
     Недовесов              - "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының шығыс
     Виктор Семенович         өңiраралық электр желісі филиалының
                              директоры (келісім бойынша)
 
     Нұрғалиев              - Павлодар облысы әкімінiң орынбасары
     Жақай Жұбайұлы
 
     Рамазанов              - "Ұлы Ертіс - Великий Иртыш" су
     Жанайдар Рамазанұлы      пайдаланушылар қауымдастығының төрағасы
                              (келісім бойынша)
 
     Рудман                 - "Казцинк" ашық акционерлік қоғамының
     Борис Михайлович         энергетика жөніндегі директоры (келісім
                              бойынша)
 
     Рүстембаев             - "Еуразиялық энергетикалық корпорациясы"
     Әбдiәзiм Әбдiғаниұлы     ашық үлгiдегi акционерлік қоғамының бас
                              директоры (келісім бойынша)
 
     Селиханов              - Шығыс Қазақстан облысы әкімінiң орынбасары
     Дүйсенбай Мағзұмұлы
 
     Сiлембаев              - "Бұқтарма гидро электр станциясы" ашық
     Жеңiсбек Зейноллаұлы     акционерлік қоғамының президентi (келісім
                              бойынша)
 
     Сысков                 - "Екiбастұз ГРЭС-2 станциясы" ААҚ
     Сергей Александрович     басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
 
     Ульрих                 - "КОРЭМ" жабық акционерлік қоғамының вице-
     Эрих Гукович             президентi (келісім бойынша).
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку