Қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері мен көлемдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлінің 2003 ж. 20 қарашадағы № 856 қаулысы (күші жойылды)
Қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері мен
көлемдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлінің 2003 ж. 20 қарашадағы № 856 қаулысы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 542 Бұйрығымен күші жойылды
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2003 жылғы 18 қараша
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған қалпына келтіріп емдеудің және медициналық оңалтудың түрлері мен көлемдері бекітілсін.
2. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) және республикалық медицина ұйымдарының бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Досқалиев Ж.А. |
Денсаулық сақтау министрінің
"Қалпына келтіріп емдеудің және
медициналық оңалтудың түрлері
мен көлемдерін бекіту туралы"
2003 жылғы 20 қарашадағы
№ 856 бұйрығымен
бекітілген
Қалпына келтіріп емдеудің және медициналық
оңалтудың түрлері мен көлемдері
1. Жалпы ережелер
1. Медициналық оңалту - науқастардың ағзасы мен денсаулығының бұзылуы немесе жоғалтып алған функцияларын қалпына келтіруге бағытталған медициналық іс-шаралар кешені.
Медициналық оңалтудың мақсаты қоғам өмірінің қарапайым жағдайына денсаулықты, еңбекке қабілеттілігін, жеке басының және әлеуметтік мәртебесін, олардың материалдық және әлеуметтік тәуелсіздікке жетуін, бірлесуін, бірлесуін қалпына келтіру болып табылады.
2. Қалпына келтіріп емдеу - науқас ағзасының функционалдық қабылеттілігін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешені.
Документ утратил силу
Демо – версия документа