Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 24 қыркүйектегі № 345 қаулысы (2022.12.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 24 қыркүйектегі № 345 қаулысы
(2022.12.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шарты бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру ) ұйымдарына жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы | Г.А. Марченко |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
«Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қорына
қатысудың үлгі шартын
бекіту туралы»
2003 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 345 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың
үлгі шарты
Алматы қаласы | «___» ___________ 2003 жыл |
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.27.08. № 204 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.12.02. № 28 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Демо – версия документа