Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығы (2016.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығы

(2016.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 3-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасы бекітілсiн.

2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Металл ақша дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 11 қарашадағы № 3745 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 49, 452-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н.А. Назарбаев

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2003 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 1193 Жарлығымен

бекітілген

 

 

Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесiнiң
банкноттары мен монеталары дизайнының
Тұжырымдамасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесiнiң банкноттары мен монеталары дизайнының осы тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеге және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес әзiрлендi.

2. Тұжырымдама ұлттық валюта - Қазақстан теңгесiнiң банкноттары мен монеталарының дизайнын (бұдан әрi - банкноттар мен монеталар дизайны) әзiрлеудiң негiзгi принциптерiн айқындайды.

3. Осы Тұжырымдамада пайдаланылатын ұғымдар:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции