«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығы (күші жойылды)
«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 173 бұйрығымен күші жойылды
Балаларға, оның ішінде білім беру және әлеуметтік қорғау жүйелері ұйымдарында медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Бала денсаулығы паспорты» (бұдан әрі Паспорт) 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Облыстық, Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) бастықтары Паспортты назарға алсын және емдеу-алдын алу ісіне, оның ішінде меншік нысанына қарамастан білім беру және әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру жүйелеріне енгізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Диқанбаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а.
«Келісілген» |
| «Келісілген» |
Қазақстан Республикасының |
| Қазақстан Республикасының |
Білім және ғылым министрі |
| Еңбек және халықты |
2003 жылғы 8 шілде |
|
| әлеуметтік қорғау министрі |
2003 жылғы 7 шілде
Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылғы 26 маусымдағы
№ 469 бұйрығымен
бекітілген
«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі
нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі бірыңғай талаптарды белгілейді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа