Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 25 ақпандағы № 62 қаулысы (2003.09.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша нұсқаулықты бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 ж. 25 ақпандағы № 62 қаулысы
(2003.17.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР ҰБ Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 93 Қаулысымен күші жойылды
Елтаңбалық қағаз шығару бойынша қызметті лицензиялау тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Мартюшев Ю.А.) және Зерттеу және статистика департаменті (Ақышев Д.Т.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-бетінде жариялауды қамтамасыз ететін болсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы | Г.Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 25 ақпандағы
"Елтаңбалық қағаз шығаруды
лицензиялау бойынша
нұсқаулықты бекіту туралы"
№ 62 қаулысымен бекітілген
Елтаңбалық қағаз шығаруды лицензиялау бойынша
нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа