Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жалын» республикалық әдеби-көркем журналы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі № 341 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

«Жалын» республикалық әдеби-көркем журналы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 9 сәуірдегі № 341 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Әдеби дәстүрлерді сақтау әрi дамыту, олардың сабақтастығын қамтамасыз ету және жас авторлардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң «Жалын» республикалық әдеби-көркем журналы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқарудың уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.

3. «Жалын» әдеби-көркем журналын шығару үшін Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi өндірiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде барлық қажеттi ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасау болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзімде:

1) Кәсiпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;

2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыны iске асыру үшін қажеттi өзге де шаралар қабылдасын.

ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции