Сараптаманың белгілі түрін (түрлерін) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы біліктілігін беру туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 ақпандағы № 141 бұйрығы (күші жойылды)
Сараптаманың белгілі түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық,
сот-психиатриялық сарапшысы біліктілігін беру туралы Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау министрінің
2003 ж. 20 ақпандағы № 141 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 65 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Сот медицинасы орталығында сараптаманың белгiлi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы біліктiлiгiн беру тәртібі туралы ереже (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Сот медицинасы орталығының жанындағы біліктiлiк комиссиясы қызметiнің тәртібі туралы нұсқау (2-қосымша) бекітілсiн.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр | Ж.А Доскалиев
|
Денсаулық сақтау министрінің
«Сараптаманың белгілi түрiн
(түрлерiн) жасау құқығына
сот-медициналық, сот-психиатриялық
сарапшысы біліктілігін беру туралы»
2003 жылғы 20 ақпандағы
№ 141 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Сот медицинасы орталығында сараптаманың белгілі түрін (түрлерiн)
жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы
біліктілігін беру тәртібі туралы
ЕРЕЖЕСI
1. Сараптаманың белгiлi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы біліктiлiгiн беру "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Сот медицинасы саласында осы заманғы ғылыми жетiстiктерге және iс жүргiзу заңының талаптарына сәйкес жоғары кәсiби деңгейде сот-медициналық сараптаманың белгiлi түрлерiн жасауды қамтамасыз ету біліктілік емтиханын тапсырудың мақсаты болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа