Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдары туралы ережені бекіту туралы Әділет министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі № 141 бұйрығы (ҚР Әділет министрлігінің 08.01.04 ж. № 9 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен ) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдары туралы ережені бекіту туралы
Әділет министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі № 141 бұйрығы
(ҚР Әділет министрлігінің 08.01.04 ж. № 9 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Әділет министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 133 бұйрығымен күші жойылды
Мемлекеттік тіркеуге жатпайды
(Бұрынғы ред. қара)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдарының қызметін жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдары туралы ереже бекітілсін.
ҚР Әділет министрлігінің 08.01.04 ж. № 9 бұйрығымен 2- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Әділет департаменттер бастықтары:
1) аталған Ережеге сәйкес басқарма бастықтарының орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлсін, әділет департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітсін және оларға жүктелген міндеттердің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.
2) әділет департаменттер алқасының сандық және жеке құрамын бекітсін.
3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басқармаларының аумақтық органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 08 шілдедегі № 82 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Министр |
| Г. Ким |
Әділет министрінің 2002
жылғы 23 қыркүйектегі
№ 141 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
аумақтық әділет органдары туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрлігінің 08.01.04 ж. № 9 бұйрығымен ереже өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Әділет органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін облыстық, Астана және Алматы қалалық әділет департаменттері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдары болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа