Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу мен қабылдау ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2002 ж. 11 шілдедегі № 487 бұйрығы (ҚР Ішкі істер министрінің 19.11.03 ж. № 650 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер
органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын
даярлау факультетіне (№ 1 факультет) іріктеу мен қабылдау ережелерін
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің
2002 ж. 11 шілдедегі № 487 бұйрығы
(ҚР Ішкі істер министрінің 19.11.03 ж. № 650
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығымен күші жойылды

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің біліктілігі жоғары, жаңа қоғамдық-экономикалық, құқықтық жағдайларға сай басшы кадрлар резервін дайындау мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (№ 1 факультет) іріктеу мен қабылдау ережелері қосымшаға сай бекітілсін.

2. Ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының, Көліктегі ішкі істер басқармаларының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызмет бастықтары:

1) көрсетілген бұйрықты басшылыққа алсын және орындасын;

2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (№ 1 факультет) оқуға үміткерлерді уақытында және сапалы іріктеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 202 "Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының Ішкіісминінің, ІІББ-нің, ІІБ-нің, КІІБ-нің және ҚАЖ-нің басшы құрамын даярлау факультетіне (№ 1 факультет) іріктеу мен қабылдау ережелерін бекіту туралы" бұйрығының күші жойылды деп есептелсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-Министрі ішкі қызмет генерал-майоры С.Н. Баймағанбетовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.

Министр

 

 

 

Қ.Ш. Сүлейменов

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2002 жылғы 11 шілдедегі

№ 487 бұйрығымен

бекітілген


Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции