Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 16 сәуірдегі № 158 бұйрығы (күші жойылды)

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
2002 ж. 16 сәуірдегі № 158 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2003 ж. 27 мамырдағы № 209 бұйрығымен күші жойылды

"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес

Бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімді жасау ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Премьер-Министрдің

орынбасары - Министр

 

 

 

 

 

А.С. Павлов

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары - Қаржы министрінің

2002 жылғы 15 сәуірдегі № 158

бұйрығымен бекітілген

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің

бюджеттік өтінімді жасау ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже республикалық және жергілікті бюджеттердің жобасын әзірлеу кезінде бюджеттік бағдарламаны негіздеу және оны қаржыландыру сомасын анықтау үшін алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдердің құрылымын, оларды жасау тәртібін анықтайды.

2. Бюджеттік өтінімдерді жасаудың негізгі мақсаты бағдарламаны орындаудың қажетті ресурстары мен нәтижелері туралы сандық және қаржылық ақпарат негізінде және қаржы ресурстарының шектеулілігі шартында болжамды кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаларды таңдау, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың тиімділігі мен нәтижелілігін кейіннен бағалау болып табылады.

3. Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары, Облыстың (қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары, тиісті кезеңге арналған мемлекеттік, салалық және аумақтық бағдарламалардың негізінде жасалады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку