Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 138 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 138 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 199 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 178 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне:
кіріспедегі «Қазақстан Республикасындағы банктер банк қызметі туралы» Заң күші бар Жарлығына, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және» деген сөздермен ауыстырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа