«Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 199 Қаулысы (2024.10.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 199 Қаулысы
(2024.10.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2024.19.02. № 10 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 199 қаулысына
қосымша
Күші жойылған нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1150 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті бекіту туралы» 2001 жылғы 3 қыркүйектегі № 316 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1655 тіркелген).
Демо – версия документа