Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 859 бұйрығы (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 28.06.04 ж. № 513 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі
төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 859 бұйрығы
(ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 28.06.04 ж. № 513 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 556 Бұйрығымен күші жойылды

 

Бұрынғы редакцияларды қара

"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" және "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын iске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлген Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесi бекітілсiн.

2. Осы бұйрықтың ықпалы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап енгiзiледi.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның бiрiншi орынбасары А.Т. Айдархановқа жүктелсiн.

Төраға

 

 

 

 

Ж. Досқалиев

Келісілген:

Қазақстан Республикасының

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

 

 

 

Денсаулық сақтау ісі

2000 жылғы "__"_______

 

 

 

жөніндегі агенттігінің

2000 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 859 бұйрығымен бекітілген

Келісілген:

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі

2000 жылғы "__"_______

Азаматтарға еңбекке жарамсыздық

парақтарын беру ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Еңбекке жарамсыздық жалпы сырқаттануға байланысты (жарақат алуға, жүктіліктi жасанды жолмен тоқтатуға, карантинге, туберкулезбен немесе кәсiби аурумен сырқаттануға байланысты басқа жұмысқа уақытша ауысу кезiнде) және заңнамада белгiленген өзге де жағдайларда еңбекке жарамсыздық парағымен куәландырылады.

2. Еңбекке жарамсыздық парағы - еңбекке жарамсыздық фактiсiн куәландыратын құжат, жұмыстан босату және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жүктілігi мен босануы бойынша, әлеуметтiк жәрдем ақы, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) әлеуметтiк жәрдем ақы алу үшiн негiз болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции