Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 18 сәуірдегі № 517 қаулысы (ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369; 29.12.02 ж. № 1420 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік
комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 18 сәуірдегі № 517 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369; 29.12.02 ж. № 1420

қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 691 Қаулысымен күші жойылды

 

"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының N 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына енетін мемлекеттік органдар айқындалсын.

2. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мемлекеттік органдар бір апта мерзімде Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының тиісті кандидатуралардың ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ.Тоқаев

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2001 жылғы 18 сәуірдегі

№ 517 қаулысына

қосымша

ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369; 29.12.02 ж. № 1420 қаулыларымен қосымша өзгертілді

Өкілдері Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау

жөніндегі біліктілік комиссиясының

құрамына енетін мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша)

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку