Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 ақпандағы № 211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 35 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 ақпандағы № 211
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 35 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.11.01 ж. № 1388 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 ақпандағы № 211 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 8, 58-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

5-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

6-тармақта "Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің" деген сөздер "Экономика және сауда министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулыға қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2001 жылғы 13 қаңтардағы

№ 35 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымының

мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының

ҚҰРАМЫ

          Жандосов               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
          Ораз Әлиұлы              орынбасары, төраға
          Құлекеев               - Қазақстан Республикасының Экономика және
          Жақсыбек Әбдірахметұлы   сауда министрі, төрағаның орынбасары
          Әбіқаев                - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
          Нұртай Әбіқайұлы         бірінші вице-министрі
          Досаев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
          Ерболат Асқарбекұлы
          Зверьков               - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуни-
          Вадим Павлович           кациялар вице-министрі
          Кәкімжанов             - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс
          Зейнолла Халидоллаұлы    министрі
          Келімбетов             - Қазақстан Республикасының Стратегиялық
          Қайрат Нематұлы          жоспарлау жөніндегі агенттігінің төрағасы
                                   (келісім бойынша)
          Құзытбаева             - Қазақстан Республикасының Әділет
          Ажар Қилымбекқызы        вице-министрі
          Марченко               - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
          Григорий Александрович   төрағасы (келісім бойынша)
          Мусина                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
          Лилия Сәкенқызы          вице-министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку