Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 882 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 7 ақпандағы № 177 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N
882 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 7 ақпандағы № 177 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 20 мамырдағы № 565 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Шаруашылық серіктестіктерінде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және мемлекеттік қатысудың үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 882 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 29, 285-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

1. "Министрліктер мен агенттіктер шаруашылық серіктестіктерінде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және мемлекеттік қатысудың үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру кезінде:";

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

"4-1) қосымшаға сәйкес Комитетке ақпарат беруді қамтамасыз етсін";

осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;

2) 2-тармақ "салалық министрліктер" деген сөздерден кейін "(өзге де мемлекеттік органдар)" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы

7 ақпандағы № 177

қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы

29 маусымдағы № 882

қаулысына қосымша

Министрліктер мен агенттіктердің Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру

комитетіне ақпарат беруінің

кестесі

 N 
   
              Ақпарат                       
                                            
Беру мерзімдері         
                        
1. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес.  жыл сайын, жиналыс өткі.
   тіктерінің) акционерлері (қатысушылары) жалпы  зілгеннен кейін 5 күннің
   жиналыстарының шешімдері                       ішінде
 
2. Тексеру комиссияларының қорытындылары          жыл сайын, тексеру өткі.
                                                  зілгеннен кейін 5 күннің
                                                  ішінде
 
3. Аудит жүргізудің нәтижелері                    жыл сайын, аудит жүргі.
                                                  зілгеннен кейін 5 күн.
                                                  нің ішінде
 
4. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес.  өткізілуіне орай, жина.
   тіктерінің) акционерлері (қатысушылары) ке.    лыс өткізілгеннен кейін
   зектен тыс жалпы жиналыстарының шешімдері      5 күннің ішінде
 
5. Директорлар кеңесі отырысының шешімі           өткізілуіне орай, отыр.
                                                  ыстан кейін 7 күннің
                                                  ішінде
 
6. Соттың шешімі (айқындамасы) (олар болған жағ.  соттың шешімін (айқында.
   дайда)                                         масын) алғаннан кейін 3
                                                  күннің ішінде
 
7. Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне (мемле.    тоқсан сайын, келесі ай.
   кеттің қатысу үлесіне) дивидендтерді (табыс.   дың 5-күніне дейін
   ты) аудару туралы мәлімет
 
8. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес.  шарттарға қол қойылған.
   тіктерінің) өздері жасайтын ірі мәмілелердің   нан кейін 5 күннің
   барлық түрлері бойынша шарттардың көшірмелері  ішінде
 
9. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес.  жарты жылдық, жыл аяқтал.
   тіктерінің) қаржы-шаруашылық қызметі туралы    ғаннан кейін 45 күннің
   жедел есептілік                                ішінде
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку