«Кедентранссервис» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 маусымдағы № 864 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
«Кедентранссервис» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 маусымдағы № 864 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Жаңғыртуға инвестициялар тарту және уақытша сақтау қоймаларының желiсiн кеңейту, шекаралық, автомобиль, темір жол және басқа да өткізу бекеттерiн халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру кеден жанындағы инфрақұрылым базасын дамыту, кедендiк ресiмдеудi және басқа да рәсiмдердi есепке алуды компьютерлендiру және автоматтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Кедентранссервис» республикалық мемлекеттік кәсiпорны мемлекеттiң жүзпроценттiк қатысуымен жабық акционерлік қоғам (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi:
1) «Кедентранссервис» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансында тұрған мүлiктi Қоғамның жарғылық капиталына берсiн;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігімен бiрлесiп Қоғамның жарғысын бекiтсiн және белгiленген тәртiппен оны мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын берсiн.
3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 138 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 6, 37-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі