Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы» - «Қазстатақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

«Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы» - «Қазстатақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27
сәуірдегі № 479 Ққаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін көтеру, сондай-ақ статистикалық қызмет көрсетулерді тұтынушыларға сапалы жалпыға бірдей қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы» «Қазстатақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі Кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ жарғылық қорын қалыптастырсын.

Аталған Кәсіпорынның негізгі міндеттері:

статистикалық ақпаратты басып шығару, тарату және сату;

статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, статистикалық есептілік нысандарының бланкілерін басып шығаруға байланысты полиграфиялық қызметтер;

маркетингтік зерттеулер саласында қызметтер көрсету болып табылады.

3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. ҚР Үкіметінің 2004.31.12 № 1460 қаулысымен алып тасталды

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции