Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 желтоқсандағы № 1531 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12
желтоқсандағы № 1531 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

3-тармақ күшiн жойған деп танылсын;

2-қосымшадағы:

Ауыл шаруашылығына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын үйлестiру жөніндегі Ведомствоаралық кеңес құрамына мыналар енгiзiлсiн:

     Дамитов К.К.       - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
                          төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
 
     Еламанов Б.Д.      - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
                          жанындағы Сырттан қарыз алу жөніндегі
                          комитетiнiң төрағасы
 
     Коржова Н.А.       - Қазақстан Республикасының Еңбек және
                          әлеуметтiк қорғау министрi
 
     Мыңбаев С.М.       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                          орынбасары
 
     Құрманғалиев С.Ш.  - Қазақстан Республикасының Баға және
                          монополияға қарсы саясат жөніндегі
                          мемлекеттік комитетi төрағасының бiрiншi
                          орынбасары
 
     Романов А.Ф.       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                          министрiнiң бiрiншi орынбасары;
 

аталған құрамнан С.С. Әйiмбетов, П.И. Крепак, Г.А. Марченко, А.С. Павлов, П.В. Своик, Г.Г. Штойк, Е.Ә. Өтембаев шығарылсын;

"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16 сәуірдегі № 448 қаулысының 2-тармағы күшiн жойған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Укажите название закладки

Создать новую папку