Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 сәуірдегі № 448 қаулысы (ҚР Үкіметінің 12.12.96 ж. № 1531 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16
сәуірдегі № 448 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 12.12.96 ж. № 1531 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1. 2-қосымшада:

1) Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын Үйлестiру жөніндегі ведомствоаралық кеңес төрағасы болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ж.С.Кәрiбжанов бекітілсiн;

2) Аталған Кеңес төрағасының орынбасары болып Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi С.Ш.Ахымбеков тағайындалсын, бұл мiндеттен Ж.С.Кәрiбжанов босатылсын;

3) Басқа жұмысқа ауысуына байланысты А.С.Есiмов осы құрамнан шығарылатын болсын.

2. ҚР Үкіметінiң 12.12.96 ж. № 1531 қаулысымен күшi жойылды

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Укажите название закладки

Создать новую папку