Бухгалтерлік есеп стандарты 17. Жалға беру есебі (Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 ж. 15 қарашадағы № 5 қаулысымен бекітілген) (ҚР Қаржы министрінің 12.11.02 ж. № 568 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлiк есеп жөніндегі
Ұлттық комиссиясының
1996 жылғы 15 қарашадағы
№ 5 қаулысымен бекітілдi
Бухгалтерлiк есеп стандарты 17
Жалға беру есебi
(ҚР Қаржы министрінің 12.11.02 ж.
№ 568 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Қызмет ету мақсаты мен саласы
Қаржы министрінің 12.11.02 ж. № 568 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
1. Бұл стандарттың мақсаты ұйымдардың жүзеге асыратын жалға берудi есепке алу тәртібін анықтау болып табылады. Стандарт жалға берудiң мынадай ерекше түрлерi үшiн қолданылмайды:
мұнай, газ, құрылыс ағаштары, металдар және басқа да минералдық байлықтар сияқты табиғат байлықтарын өндiру мен пайдалануға байланысты жалгерлiк шарттарына;
фильмдер, бейнефильмдер, пьесалар, қолжазбалар, патенттер және авторлық праволар сияқты баптар бойынша лицензиялық келісімдерге.
2. Жалға беру - жал иесiнiң жалгерге ақы төлегенi үшiн мүлiктi уақытша иелiкке және пайдалануға беруi.
Қаржы министрінің 12.11.02 ж. № 568 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
3. Қаржыландырылатын жалгерлiк - мүлiкке меншiктiк құқығымен байланысты пайда мен тәуекелдiң үлкен бөлiгiн жалгерге беру. Бұл ретте, жалгер жалдаған мүліктер өз балансында көрсетедi. Меншiктiк құқығы жалгерлiк уақыт iшiнде берiлуi немесе берiлмеуi мүмкiн.
4. Ағымдағы жалгерлiк - қаржыландырылатын жалгерлiктен басқа кез-келген басқа жалгерлiк.
Қаржы министрінің 12.11.02 ж. № 568 бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
5. Қайтарылмайтын (шақырылмайтын) жалгерлiк - бұл, тек мынадай жағдайда ғана тоқтатуға болатын жалгерлiк:
қандай бiр кездейсоқ жағдайлар орын алғанда;
жал иесiнiң рұқсатымен;
жал иесiмен сол мүлiкке немесе соған ұқсас басқа мүліктерге жаңа жалдық келісім жасаған жағдайда;
егер жалгерлiк келісім басында жалгерлiктi тоқтатуға жеткiлiктi төлемақы болып табылатын қосымша сома төленсе.
Документ утратил силу
Демо – версия документа