БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ 17 СТАНДАРТЫ
Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi
Ұлттық комиссиясының
1996 жылғы 15 қарашадағы
N 5 қаулысымен бекiтiлдi
Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 2002 ж. 12 қарашадағы N 568 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бухгалтерлiк есеп стандарты 17
Жалға беру есебi
Қызмет ету мақсаты мен саласы
1. Бұл стандарттың мақсаты субъектiлердiң жүзеге асыратын жалға берудi есепке алу тәртiбiн анықтау болып табылады. Стандарт жалға берудiң мынадай ерекше түрлерi үшiн қолданылмайды:
мұнай, газ, құрылыс ағаштары, металдар және басқа да минералдық байлықтар сияқты табиғат байлықтарын өндiру мен пайдалануға байланысты жалгерлiк шарттарына;
фильмдер, бейнефильмдер, пьесалар, қолжазбалар, патенттер және авторлық праволар сияқты баптар бойынша лицензиялық келiсiмдерге.
Анықтама
2. Жалға беру - жал иесiнiң жалгерге ақы төлегенi үшiн мүлiктi уақытша иелiкке және пайдалануға беруi.
3. Қаржыландырылатын жалгерлiк - мүлiкке меншiктiк құқығымен байланысты пайда мен тәуекелдiң үлкен бөлiгiн жалгерге беру. Бұл ретте, жалгер жалдаған мүлкiн өз балансында көрсетедi. Меншiктiк құқығы жалгерлiк уақыт iшiнде берiлуi немесе берiлмеуi мүмкiн.
4. Ағымдағы жалгерлiк - қаржыландырылатын жалгерлiктен басқа кез-келген басқа жалгерлiк.
5. Қайтарылмайтын (шақырылмайтын) жалгерлiк - бұл, тек мынадай жағдайда ғана тоқтатуға болатын жалгерлiк:
қандай бiр кездейсоқ жағдайлар орын алғанда;
жал иесiнiң рұқсатымен;
жал иесiмен сол мүлiкке немесе соған ұқсас басқа мүлiкке жаңа жалдық келiсiм жасаған жағдайда;
егер жалгерлiк келiсiм басында жалгерлiктi тоқтатуға жеткiлiктi төлемақы болып табылатын қосымша сома төленсе.
6. Жалгерлiк мерзiм - жалгер мүлiкке жалгерлiк шарт жасайтын нақтылы мерзiм уақыты, сондай-ақ жалгерлiк мерзiмнiң басында ескерiлген, жал иесi құқықты, жалгерлiк мерзiмiн одан ары ақы төлеп және төлемей ұзартуға болатын басқа да кез-келген одан кейiнгi мерзiм.
7. Жалгерлiк мерзiмнiң басы - жалгерлiк шартына қол қойылған күн болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа