Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің бағдарламалық заемын жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 тамыздағы № 1258 қаулысы (ҚР Үкіметінің 17.03.98 ж. № 227; 28.01.98 ж. № 44; 24.06.00 ж. № 934 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің бағдарламалық
заемын жүзеге асырудың кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 14 тамыздағы № 1258 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 17.03.98 ж. № 227; 28.01.98 ж. № 44; 24.06.00 ж. № 934
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасына берiлген ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің бағдарламалық заем қаржылық қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру және "Елдегi селоны және агроөнеркәсiп кешенiн 1996-1997 жылдары мемлекеттік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2693 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 38, 489-құжат), "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 12, 77-құжат) және "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 7 шiлдедегi № 3589 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. ҚР Үкіметінiң 17.03.98 ж. № 227 қаулысымен күші жойылды

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:

Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінiң келісімiмен және "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының қатысуымен 1997 жылдың 20 тамызына дейiнгi мерзiмде ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің бағдарламалық заемы екiншi траншының қаражатынан несиелендiру үшiн басым өндiрiстердiң тiзбесiн анықтап, қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық баспасөзде жарияласын;

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң келісімiмен белгiленген заң тәртібінде ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің бағдарламалық заемы екiншi траншының қаражатына қызмет ету жөніндегі жұмыстарына "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамын тарту туралы мәселелердi енгiзсiн.

3. ҚР Үкіметінiң 17.03.98 ж. № 227 қаулысымен күші жойылды

ҚР Үкіметінiң 28.01.98 ж. № 44; 24.06.00 ж. № 934 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

"Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің бағдарламалық займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тоқсан сайын есеп беретiн тоқсаннан кейiнгi айдың 10-на дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне Заемның пайдаланылу барысы туралы есеп беретiн болсын";

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

1997 жылғы 14 тамыздағы № 1258 қаулысына

қосымша

Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму

Банкi бағдарламалық заемын үйлестiру

жөніндегі ведомствоаралық кеңестiң

ҚҰРАМЫ

     Шүкеев Ө.Е.           - Қазақстан Республикасы
                             Премьер-Министрінің орынбасары -
                             Қазақстан Республикасының Экономика
                             және сауда министрi, төраға
 
     Ақымбеков С.Ш.        - Қазақстан Республикасының Ауыл
                             шаруашылығы министрi
 
     Дәмитов Қ.Қ.          - Қазақстан Республикасы Экономика
                             және сауда министрінің орынбасары
                             (вице-министр)
 
     Мыңбаев С.М.          - Қазақстан Республикасы Қаржы
                             министрінің орынбасары
                             (вице-министр)
 
     Сәйденов А.Ғ.         - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                             Банкi төрағасының орынбасары
                             (келісім бойынша)
 
     Азимов Р.Ж.           - Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп
                             биржасының президентi (келісім
                             бойынша)
 
     Мырзахметов А.И.      - "Агро-Лизинг" акционерлік қоғамының
                             бас директоры (келісім бойынша)

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку