Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Заң күші бар 1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 
Заң күшi бар 1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы

 

«Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес осы Жарлықты шығарамын.

1-бап. 1996 жылға арналған республикалық бюджет: қолданылып жүрген бюджеттік сынаптама бойынша 1-қосымшаға сәйкес кiрiстерi бойынша - 149646054 мың теңге, шығыстары бойынша - 193597186 мың теңге, тапшылықтың шектi мөлшерi - 43951132 мың теңге сомасында бекітілсiн.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1996 жылдың iшiнде жаңа бюджеттік сынаптама бойынша республикалық бюджеттi 2-қосымшаға сәйкес атқару кезең-кезеңмен көшудi жүзеге асырсын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

- жаңа бюджеттік сынаптамаға көшу ретiне қарай республикалық бюджеттік кiрiс бөлiгiн ведомстволық сынаптама бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiнiң ерекшелiктерiн және шығыс бөлiгiн ескере отырып бекiтсiн;

- осы Жарлықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес сомалар шегiне республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарын арнап бөлудi жүзеге асырсын.

2-бап. Осы Жарлық қолданылатын кезеңде Қазақ КСР-iнiң 1991 жылғы 17 маусымдағы «Ең төменгi тұтыну бюджетi туралы» (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 25, 324-құжат, 325-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 8, 140-құжат) және Қазақ КСР-iнiң 1991 жылғы 17 маусымдағы «Ең төменгi жалақы және еңбекақы төлеу саласындағы мемлекеттік әлеуметтiк кепiлдiктер туралы» (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 25, 326-құжат, 327-құжат) Заңдарының күшi сондай-ақ Қазақ КСР-i мен Қазақстан Республикасы заң актілерінiң, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлықтарының осы Жарлыққа «ең төменгi жалақы» ұғымын пайдалануға қайшы келетiн бөлiгiнде күшi тоқтатылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку