«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы оқу бағдарламалары мен жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 404 бұйрығы
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы оқу бағдарламалары мен жоспарларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 404 бұйрығы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырғандарға:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, «энергия аудиті» біліктілігі бойынша кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, «энергия менеджменті» біліктілігі бойынша кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу жоспары бекітілсін;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес, «энергия аудиті» мамандығы бойынша қызмет істейтін кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу жоспары бекітілсін;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес, энергия менеджменті саласындағы мамандық бойынша қызмет істейтін кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
Демо – версия документа