«Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 938 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 938 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгi ереже (бұдан әрi - Үлгi ереже) бекiтiлсiн.»;
2-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Үкіметінің
2023 жылғы 24 қазандағы
№ 938 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 9 қарашадағы
№ 1072 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметi туралы
үлгi ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Заң қызметі________________________________________________________
(орталық және жергiлiктi атқарушы органның, орталық атқарушы орган ведомствосының, сондай-ақ* Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органның (келісу бойынша) атауы)
_______________________________құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Демо – версия документа