(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДА...
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 Қаулысы
(2020.16.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 19 маусымдағы
№ 683 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында
полиграфологиялық зерттеуден өту
қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) азаматтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің полиграфологиялық зерттеуден өтуі тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) полиграф - аналогтық және (немесе) цифрлы түрде көрінетін вербалдық және көру стимулдарына жауапта адамның қарқынды физиологиялық реакциясына (тыныс алуы, жүрек-тамырларының белсенділігі, тері-гальваникалық реакциясы, қозғалыс белсенділігі, бет әлпетінің мимикасы және басқалары) сауалдама жүргізу процесінде тіркеуге арналған техникалық құрылғы;
2) полиграфологиялық зерттеу - адамның психофизиологиялық куәландыру кезінде пайда болатын жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы медициналық датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сауалдама жүргізу рәсімі;
Редакция документа
Демо – версия документа