«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 227 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) қызмет бабында пайдалану үшін;
3) «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Прокуратура туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Аппарат
Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі
Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі
Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі
Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі
Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі
Кадрлық жұмыс департаменті
Өзіндік қауіпсіздік департаменті
Стратегиялық даму департаменті
Демо – версия документа