«Өнеркәсіптік меншік саласындағы кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 793 бұйрығы
«Өнеркәсіптік меншік саласындағы кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 793 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіптік меншік саласындағы кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17455 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Патенттік кооперация туралы шартқа және Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді қарау қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің хаттамасына сәйкес тауар таңбасына өтінімді қарау қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
К. Мусин |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 793 бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1350 бұйрығымен
бекітілген
Патенттік кооперация туралы шартқа және Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді қарау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Демо – версия документа