«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 219 бұйрығы (күші жойылды)
«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 219 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11368 болып тіркелді, 2015 жылғы 30 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орындау ұзақтығы көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:
лицензия беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті орындаушыны анықтайды - орындалу уақыты 1 сағат;
2) аумақтық күзет қызметін бақылау (бұдан әрі - КҚБ) бөлінісінің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолданады - орындалу мерзімі екі жұмыс күні;
Документ утратил силу
Демо – версия документа