(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА ҚЫЗМЕТКЕ (ОҚУҒА) ҚАБЫЛДАНАТЫ...
Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығы
(2020.12.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Редакция документа
Демо – версия документа