«Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 37 бұйрығы
«Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 37 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 155-2 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 20-баптарына БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу қағидалары бекітілсін;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары бекітілсін;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар;»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа