«Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 478 бұйрығы
Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 478 бұйрығы
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Демо – версия документа