«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 438 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 438 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органына жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Б. Бекбауов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 438 бұйрығымен
бекітілген
Демо – версия документа