«Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 95 бұйрығы (2022.30.05. берілген өзгерістермен)
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 95 бұйрығы
(2022.30.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2022.30.05. № 143 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 17 сәуірдегі
№ 95 бұйрықпен
бекітілген
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттары
Тарау 1. Жалпы ережелер
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2022.30.05. № 143 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Демо – версия документа