(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАМАТТЫЛЫҒ...
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 463 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 285 бірлескен бұйрығы
(2018.31.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 6 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 2-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы:
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес дәрілік заттарды дайындау объектілеріне;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілеріне;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес дәстүрлі және халық медицинасы (емшілік) объектілеріне;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту объектілеріне;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне;
осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес стоматологиялық қызмет көрсететін объектілерге;
осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілеріне;
осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілеріне;
Редакция документа
Демо – версия документа