Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының жолданымдарды қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 Қаулысы (2023.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының жолданымдарды қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 Қаулысы

(2023.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2023.15.03. № 214 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2023.15.03. № 214 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының жолданымдарды қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2023.15.03. № 214 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулы қабылданғаннан кейін бір ай ішінде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімдер аппараттарының жолданымдарды қарауды бақылау бөлімдері туралы ережелерін Үлгілік ережеге сәйкес келтірсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2023.15.03. № 214 Қаулысымен алып тасталды (2023 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2020 жылғы 8 қыркүйектегі

 № 560 қаулысына

2-қосымша

 

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың

 әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы

 үлгілік ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции