Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПАТЕНТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ШАРУАШЫЛЫҚТА ПАЙДАЛЫЛЫҒЫ М...

Патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығы

 

Осы редакция 2019 жылғы 16 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес патент қабілеттілігі мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес патент қабілеттілігі өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес шаруашылықта пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің

міндетін атқарушы

 

 

С. Омаров

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку