(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҮШІНШІ ЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ ҚОРҒАУ, ДЕМПИНГКЕ ҚАР...
Қазақстан Республикасының
Заңы
Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
Осы редакция 2017 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ |
Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын ала арнайы баж - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар импорты кезінде қолданылатын баж, тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтірген немесе келтіру қатерін төндіретін өскен импорттың болуы туралы сол тауарға қатысты алдын ала қорытынды дайындайды;
2) алдын ала демпингке қарсы баж - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар импорты кезінде қолданылатын баж, тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында демпингтік импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың, оны келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауының болуы туралы сол тауарға қатысты алдын ала қорытынды дайындайды;
3) алдын ала өтемақы бажы - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар импорты кезінде қолданылатын баж, тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында субсидияланатын импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген материалдық залалдың, оны келтіру қатерінің немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың едәуір баяулауының болуы туралы сол тауарға қатысты алдын ала қорытынды дайындайды;
Редакция документа
Демо – версия документа