(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ОРГА...
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының заңының 9-бабы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы мониторинг
агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Редакция документа
Демо – версия документа