«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 21 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 21 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдансын және олар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағына берілсін.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің атауы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелері штат санының бекiтiлген лимиті шегінде құрылсын.
4. Осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органдарының құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.
5. Республикалық мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi үшін көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағын іске асыру бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Демо – версия документа