(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ...
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамын және «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 696 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 180-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы оған «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және ұйымдық-техникалық қолдау «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 746 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 696 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысында:
3-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын.
Редакция документа
Демо – версия документа