(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШIЛЕРГЕ, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫ...
Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 Қаулысы
(2020.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын қағидаларының нақтылау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2018 жылғы 8 қазандағы № 11-238 қбп бұйрығын қараңыз
ҚР Үкiметiнiң 2014.27.10. № 1140 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.10. № 624 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкiметiнiң 2014.27.10. № 1140 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.10. № 624 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса берiлiп отырған Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа