«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 маусымдағы № 57 Жарлығы (2025.03.03. берілген өзгерістермен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2025.03.03. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 1 маусым
№ 57
Қазақстан Республикасы Президентінің
2019 жылғы 1 маусымдағы
№ 57 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:
мына:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі»,
«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі»,
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі»
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі»,
«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі»,
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі».
2. ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен күші жойылды (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Демо – версия документа