(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚАЗА ТАПҚАН...
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1301 Қаулысы
(2018.28.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 77 және 80-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қазандағы
№ 1301 қаулысымен
бекітілген
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік
белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу
қағидалары
Осы Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 77 және 80-баптарына сәйкес әзірленген.
1. Біржолғы өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) алуға құқығы бар қызметкерге немесе адамдарға өтемақы төлеу:
1) қызметкер арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет (бұдан әрі - қызмет) өткеру кезеңінде немесе қызмет өткерген кезеңінде алған жаралану (контузия), ауру салдарынан ол қызметтен кеткеннен кейін қаза тапқан (қайтыс болған);
Редакция документа
Демо – версия документа